Ташкентте ШЫҰ туристік форумы өтеді

Танымал

Ел аузында

19-20 мамырда Ташкенттегі «Hilton Tashkent City» қонақ үйінде Өзбекстан Республикасының төрағалығы аясында ұйым мүшелері-туристік индустрия өкілдері 2022 жылғы ШЫҰ саммитінде бас қосады.

20 мамырда академиялық және іскерлік ортаның, ұйым мүшелері-туристік индустрия өкілдерінің қатысуымен «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» туристік форумы өтеді. Форумда халықаралық туризмнің, Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдени мұрасын сақтау және насихаттаудың, сондай-ақ туризм және мәдени мұра саласы бойынша ғылыми-техникалық әріптестіктің аясын кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланады.

Кездесуде туристік ведомстволардың басшылары туристік саяхаттарды жедел жаңғыртудың бірлескен бастамалары, экономикалық өсудің мультипликаторы ретінде туризмнің рөлін арттыратын жаңа жобалар мен бағдарламаларды қарастырмақ.
Алдағы отырыстардың күн тәртібіне ШЫҰ-на мүше елдердің арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің және музей ісі саласындағы өзара әріптестік туралы меморандумның жобалары енгізілген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқуды насихаттау және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...