Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
24.6 C
Almaty
29.5 C
Shymkent

Түрік лирасы тоғыз күн қатарынан құнсызданып жатыр

Танымал

Ел аузында

Түрік лирасы тоғыз күн қатарынан құнсызданып жатыр. Dünya түрік экономикалық басылымының мәліметінше, доллар 15,85-тен сатылып жатыр, – деп хабарлайды РИА Новости.

Түркияның қазынашылық және қаржы министрі Нуреддин Небати бұған дейін үкімет қаржы нарықтарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ететінін және лира бағамының доллар мен еуроға құбылмалылығын бақылауға алатынын мәлімдеген болатын. 

«17 мамырда таңертең доллар/түрік лирасы 15,85, ал еуро/түрік лирасы 2 пайызға өскен», – делінген Dünya хабарламасында. 

Басылым кейінгі екі аптада лира долларға шаққанда 7 пайызға құнсызданып кеткенін атап өтті. Осылайша 4 мамырда 14,77 болған доллар бағамы кейінгі тоғыз күнде 1 лираға өскен. Бұған банктік пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуінен және әлемдік нарықтардағы сатушылардың қысымының жоғарылауынан туындаған рецессия қорқынышы себеп болуы мүмкін. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...