Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Жаңа АЕК: Қазақстанда айыппұл мен салық мөлшері өзгеріссіз қалады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда айыппұл санкциялары мен салықтарды есептеу үшін жаңартылған АЕК мөлшері қолданылмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері сәуірде үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп 2022 жылға арналған есептік көрсеткіштерді нақтылау туралы шешім қабылдағанын еске салды. 

«1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін және ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеден 37 389 теңгеге дейін өсті, барлық әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылардың мөлшері қосымша 4 пайызға артты», – делінген хабарламада.

2022 жылы зейнетақы төлемдері өткен жылға қарағанда 11 пайызға, базалық зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы 9 пайызға өсті.

«Айыппұл санкциялары, салықтар және басқа да төлемдер үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген 3 063 теңге мөлшерінде АЕК қолданылады», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Как блогер вместе с заказчиками инсценировал аварию?

@Fact Check: 22 января был арестован блогер Кушеев, называющий себя правозащитником.Обвинение — вымогательство.В этом расследовании мы покажем, как блогер...