Еліміздің мектептеріне жаңа пән енгізілмек

Танымал

Ел аузында

2022-2023 оқу жылында барлық мектепте еңбекке баулу сабақтары оқытылады. Бұл туралы сенатта өткен парламенттік тыңдауда вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мектепке қайта оралатын пән 1-сыныптан бастап оқытылады деген жоспар бар.

«Балаларды тәрбиелеу кезінде еңбекке баулудың маңызы зор. Оны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі», – дейді Тоғжанов.

Вице-премьердің айтуынша, қазіргі кезде республикадағы мектептердің 7 проценті өз аумағында жылыжай ашқан. Үкімет осы тәжірибені кеңейтіп, жылыжайларды барлық мектепте ашуды жоспарлап отыр. Сол жерде оқушылар жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, мектептерде кәсіптік бағдар беретін мамандар болады. Олар оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

14 наурыз – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

14 наурызда Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және картография күні атап өтіледі. Бұл – жер кадастрын жүргізуді қамтамасыз ететін, геодезиялық...