Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Қазақстаннның барлық өңірінде жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Танымал

Ел аузында

«Отбасы банктің» жеңілдетілген ипотекасы бағдарламасы 2025 жылға дейін бүкіл Қазақстан бойынша кеңейтіледі. Бұл туралы «Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру» атты парламенттік тыңдау барысында вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасында барлық тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жас отбасылар үшін 25% квота енгізу көзделген.

«2025 жылға дейін барлық өңірде әкімдіктермен бірлесіп «Отбасы банктің жеңілдетілген ипотекасы бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламалары үш қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүзеге асырылады. Жыл соңына дейін осындай бағдарламаларды басқа өңірлерде де іске қосу жоспарда бар», – деді үкімет басшысының орынбасары.

Тоғжанов 2019 жылдан бері жұмыс істейтін жастарға 7000 арендалық баспана берілгенін атап өтті. 2025 жылға дейін тағы 12 мың пәтер беру жоспарланған.

Жыл соңына дейін арендалық тұрғын үй беру ережесіне өзгеріс енгізіледі. Дәлірек айтқанда, жастар үшін ай сайынғы табысты растау талабы 40 АЕК-тен 25 АЕК-ке дейін (127 200 теңгеден 79 500 теңгеге дейін) төмендетіледі. Вице-премьердің пікірінше, бұл жастардың арендалық үй алуға деген мүмкіндігін әжептәуір кеңейтеді.

Бұған қоса, үкімет 2025 жылға қарай «Отбасы банктің» жинақтаушы депозиттерінің санын 500 мыңнан (250 млрд теңге) 800 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АЛМАЛЫ КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫНДА «ALMALY NIGHT»КЕЗЕКТІ КВИЗ ОЙЫНЫ ӨТТІ

2024 жылғы 23 қазанда Алмалы комьюнити орталығында Алмалы ауданының демалыс орталықтарынан жастарды жинаған "Almaly Night" кезекті квиз-ойыны өтті. Бұл...