Нұр-Cұлтан әкімі Алтай Көлгінов мұғалімдер мен түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Мұғалімдер оқушылардың қалыптасу жолында үлкен роль атқарады. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен мамандыққа деген құрметінің арқасында студенттер мен оқушылар қажетті білім алып, олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орындарға ие болып жүр».
«Біз Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанында орналасқан мұғалімдер саябағын абаттандырдық. Бұл саябақ қала тұрғындарының демалуы үшін ғана емес, сонымен қатар, мұғалімдер мен студенттердің қарым-қатынас орнататын жері болады», – деп жазды әкім Instagram-парақшасында.
Сонымен қатар, Көлгінов жаңа оқу жылынан бастап өздері педагог болып жұмыс істейтін түлектер туралы да сөз қозғады.
«Болашақ ұстаздар елорда тарапынан бөлінген грант бойынша білім алды. Осыған дейін біз 1300 грант бөлген едік, ал жаңа оқу жылында тағы 1000 грант бөлінеді. Сол сияқты білім беру әдісімен көзге түскен ұстаздарға 300 мың теңге көлемінде сыйақы береміз. Олардың еңбегінің арқасында оқушыларымыз олимпиадаларда 90-нан аса медаль жеңіп алды», – деді ол.