Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Алматы қаласында жұмысын бастады

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің жанындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Алматы қаласында жұмысын бастады.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ деструктивті діни ағымдар идеяларының таралуына қарсы тұру мақсатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті жыл сайын жалпы халық арасында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Алдын алу жұмыстарының міндеттерінің ішінде Комитет халықтың діни сауаттылығын арттыруға, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға және діни экстремизмнің алдын алуға ерекше көңіл бөледі.

2022 жылғы 25-26 мамырда Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Алматы қаласындағы ірі кәсіпорындарда, сауда нысандарында және ғибадат орындарында 10-нан астам іс-шара өткізеді. «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Сириядағы ұрыс аймағынан оралған әйелдерді қамту бойынша да профилактикалық жұмыстар жоспарлануда.Айта кетерлік жайт, халықпен түсіндіру және алдын алу жұмыстары Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының қызметімен ғана шектелмейді. Осындай жергілікті деңгейдегі топтар әр аймақта жыл бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ Комитет арқылы аймақтық дін істері жөніндегі басқармаларды әдістемелік қамтамасыз ету, мониторингтік-талдау жұмыстарының кең ауқымы тұрақты түрде жүргізілуде.

Алматы қаласында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын «Social Development Center» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...