Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Оралда 2 миллион долларға салынған мұз алаңы жарамсыз болып шықты

Танымал

Ел аузында

Оралда 2 миллион долларға салынған мұз алаңы жарамсыз болып шықты, – деп хабарлайды Elitar.kz.

Басылымның мәліметінше, алаңның мұзын ерітпей, қатырып тұратын тоңазытқыштың сапасы нашар. Бұл жасанды мұз алаңын 2 миллион долларға салып берген компания жіңішке кабель жүргізген.

Бұл іске жауапты кәсіпкер 1,5 миллиард теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін істі болып, түрмеде отыр. 

«Негізі, тоңазытқыштың үшеуі де жұмыс істеп тұр. Кәдімгі кондиционерге фреон құятынындай, бұларға да мұз қатыратын түрлі химиялық қоспа құю керек. Алайда, кабельді іске қосуға қорқып отырмыз, өйткені кезінде мердігер кабельді жаңасына ауыстырдық деп сендірген, бірақ олар өртенген кабельдің орнына дәл сондай сым жүргізген. Сондықтан биылғы маусымда тоңазытқыштарды кезек-кезек қосып амалдап шықтық, – дейді БҚО Жоғары спорттық шеберлік мектебінің директоры Асхат Шайхиев.

Мұз айдынының құрылысына БҚО-дағы Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан шетелдік компания 2 миллион доллар инвестиция құйған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...