Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасына жар іздеп жүр

Танымал

Ел аузында

Баян Мақсатқызының экс-күйеуі абақтыдан шықпастан, қарындасы оған жар іздеп жүр. Нағима Есентаева ағасы Бақытбек Есентаевқа лайық болатындай жанды тапқанын айтады. Тек екеуінің қосылу-қосылмауы әзірге уақыт еншісінде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Өздеріңіз білесіздер. Неше жыл болды жаныма жақын жеңге болар жан іздеп жүргеніме.. Жайын түсініп, ағатайымның жанына жалау болар, жүрегіне жылыулықпен жол табар деген жанды тапқандаймын. Бірақ ары қарай танысып, екеуі  кездескен соң, таңдау мен шешім өздерінде ғой. Дегенмен де осы жан жеңгем болса, өкінбес едім деген менің ойым», – деп бөлісті Есентаева Instagram-да.

Айта кетейік, Бақытбек Есентаев 2016 жылы сол кездегі жары Баян Мақсатқызын соққыға жығып, пышақ жарақатын салғаны үшін 9 жылға сотталды. Танымал продюсер жуырда экс-күйеуіне жақсылық тілейтінін, оның бостандыққа тезірек шыққанын қалайтынын айтқан еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...