Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-6.7 C
Shymkent

Алматыда әскерге сау кеткен сарбаз психиатриялық аурухадан бір-ақ шықты

Танымал

Ел аузында

Әскерден мерзімінен бұрын үйіне оралған Ордабек Түймебаев әскерден мерзімінен бұрын үйіне оралан. Әкесінің айтуынша, дені сау баласы алты айда психиатриялық ауруханадан бір-ақ шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Әкесі отан алдындағы борышын өтеп жүрген жалғыз ұлын командирлері соққыға жығып, қысым көрсеткен деп отыр. Сөйтіп, үш апта бұрын ұлын ештеңе түсіндірместен, «борышын өтеді, бәрі жақсы» деп әкеп тастапты. Қазір 21 жастағы жігіт Нұр-Сұлтандағы психиатриялық ауруханада ем алып жатыр екен. 

Ордабек Алмахан Балықбаевтың жалғыз ұлы. Ол өткен жылы қараша айында әскерге шақырылып, Алматыдағы 7552 әскери бөліміне жіберілген.

Сөзінше, денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған. Арада алты айға жуық уақыт өткенде әскерилер баласын үйіне әкеп тастаған. Бірақ не үшін әскери қызметтен мерзімінен бұрын босатылғанын түсіндірмепті. Ал келесі Ордабектің мінез-құлқы өзгеріп шыға келген. Сөйтіп, бірде телефонын, бірде куәлігін жоғалтып, үйдегі дүниелерді өртей бастапты.

“Балам оқта-текте айтып қалады. “Тек ақша сұраумен болды. Ақша болмаса, төртеу, бесеу болып тепкілейді мені” дейді”, – дейді Ордабектің әкесі Алмахан Балықбаев. 

Алмаханның айтуынша, күн өткен сайын жалғыз ұлының жағдайы ушыға бастаған. Бармаған дәрігері, апармаған ауруханасы қалмапты. Ақыры, баласын Нұр-Сұлтандағы психиатриялық ауруханаға жатқызуға мәжбүр болады. Қазір Ордабек он күннен бері сонда ем қабылдап жатыр екен.

“Оны мына жағдайға түсіп кеткен танымай қалды. Өзін-өзі білмей қалып істеп жатыр ғой. Есі кірелі-шығалы болып тұрады. Баламыз да бәрі бұрынғыдай емес”, – дейді Ордабектің анасы Гүлсара Елтоқова. 

Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының өкілдері сарбазға ешқандай қысым көрсетілген жоқ деді. Сөздерінше, Ордабек әскерде жүрген алты айда үнемі дәрігерлердің бақылауында болыпты. Өйткені, алғашқы аптада-ақ баланың біртүрлі ерсі қылықтарын байқаған. Сондықтан арнайы мамандардың көмегіне жүгініпті.

“Ұрып-соғу деген болған жоқ. Егер қазір де ондай бір нететін болса, ұрды-соқты дейтін болса, біздің құқық қорғау органдары бар. Оларға сол несімен айтып, бәрін тексеріледі. Енді ешқандай да, егер кінәлі адамдар болса жауапкершілікке тартылады”, – дейді ҚР ҰҰ «Оңтүстік» ӨңҚ қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешев. 

Шенді қатардағы жауынгердің денсаулығында кінәрат барын және қандай кінарат екенін ата-анасы да әу баста-ақ білген деді. Әрі ылғи байланысып, жағдайын сұрап отырыпты. Сол үшін мамырдың үші алты айға жетер-жетпес борышын өтеген Ордабекке мерзімінен бұрын әскери билеті тапсырылып, үйіне қайтарылған екен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Как проходит модернизация досуговых центров в Алматы?

В Алматы постепенно развивается инфраструктура для молодежи города. Одним из наиболее важных молодежных проектов в г.Алматы является организация деятельности...