Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Назарбаев Кәрім Мәсімовтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК-ның экс-басшысы Кәрім Мәсімовтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Елбасы кеңсесіне бірнеше сұрақ жіберген. Нұрсұлтан Назарбаев өзі хабарласып, сауалдарына телефон арқылы жауап берген. Назарбаев  Мәсімовтің Назарбаев университетінің қаржысын басқару мәселелерімен, инвестициялық қызметімен, соның ішінде бөлек қаржы институттарымен байланысты жұмыспен жоғары оқу орнының қамқоршылық кеңесімен айналысқанын айтты. Кеңес төрағалығына сол кезде премьер-министр болған Кәрім Мәсімов тағайындалған. 

Оның айтуынша, кеңес төрағасы қызметіне жоғары оқу орны мен онымен байланысы бар ұйымдардың қаржылық қызметіне де жауапты болған. 

«Дәл сол кісінің құзіретіне жоғары оқу орны мен онымен байланысы бар құрылымдардың қаржылық қызметі кірген. Арасына бөлек қаржы ұйымдары да кіріп кетті. Қазір Кәрім Мәсімовке қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оның осы бағыттағы жұмысын зерделеп шығады деп ойлаймын», – деді Назарбаев.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қоры бар. 2000 жылы құрылған ұйым білім беру, мәдени-әлеуметтік, халықаралық және қайырымдылық қызметпен айналысады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы жастары оқу жылын экологиялық жауапкершілік пен ел болашағына қамқорлықтан бастады

Алматыдағы ЖОО-да бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі жалғасуда. Биылғы бірінші курс студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан”...