Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Қалқаман ауруханасында мыңнан астам адам нейрореабилитациядан өтті

Танымал

Ел аузында

Алматылықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде №7 Қалалық клиникалық аурухананың нейрореабилитация бөлімінде оңалтудың екінші кезеңінен өте алады, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Мидағы қан айналымының бұзылуы салдарынан инсульт алған Нұржамал Омарова 7-аурухананың инсульт бөлімінде емделген. Кейін денсаулығын қалпына келтіру үшін осы мекеменің нейрореабилитация бөліміне жолдама берілді.

Бөлім меңгерушісі Айнұр Досыбаеваның айтуынша, ауруханаға түскен кезде пациент біреудің көмегінсіз жүре алмайтын. Инсульт салдарынан қолы ауырып, оң қолындағы бұлшық еттері жансызданып қалған.

«Екінші кезеңдегі оңалту курсынан өткеннен кейін таяққа ол сүйеніп жүре бастады, аяғын нық басып, қолдағы бұлшық еттер қатайды. Денедегі ауырсыну басылып, эмоционалдық жағдайы жақсарды, емді жалғастыруға деген құлшынысы артты», – дейді маман.

«Реабилитациядан өтіп, денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік жасалғанына ризамын. 7-ші аурухананың оңалту бөлімінде қабылдаған емнің арқасында денсаулығым түзеле бастады. Жағдайым едәуір жақсарып, өздігіммен жүріп-тұратын болдым, тамақты өзім жеймін. Бөлімше қызметкерлеріне айтар алғысым шексіз», – дейді Нұржамал Омарова.

Ауруханадағы нейрореабилитация бөлімі 2020 жылы ашылған болатын. Сол уақыттан бері 1000-нан астам адам оңалтудан өтті. Бұл жерде миына және жұлынына операция жасатқан, мидағы қан айналымы қызметінің бұзылуынан инсульт алған пациенттер реабилитацияның 2-кезеңінен өте алады. Олар мұнда Алматыдан өзге де өңірлердегі ауруханалар мен емханадардан түседі.

Оңалтудан қалай өтеді?

Жоспарлы түрде ем қабылдайтын пациент стационарға «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жатқызылады. Бұрын көпшілік жағдайда ақылы түрде көрсетілетін оңалтудан қазір сақтандырылған азаматтар инсульт алғаннан кейін немесе отадан соң 9 ай ішінде өте алады.

Денсаулықты қалпына келтіруге бағытталған ем-дом курсы қалай жүргізіледі?

Бөлімшеде негізінен реабилитацияның Бота, PNF сынды әдістері, эрготерапия қолданылады. Олар аяқ-қолы жансызданып, сал болып қалған пациенттердің өздігінен жүріп-тұру қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Жаттығулар арнайы қондырғылармен жабдықталған кинезиотерапия залында өтеді. Сонымен қатар, физиотерапияның магнитті терапия, парафинді аппликация, электрофорез, СМТ, биоптрон, УВЧ, массаж сынды түрлері мен гипербарикалық оксигенді терапия, инемен емдеу сынды сауықтыру тәсілдері жан-жақты қолданылады. Сонымен қатар, пациенттерге психотерапевт пен логопед мамандар көмек көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек,медициналық оңалту үш кезеңнен тұрады.

Оңалтудың 2-кезеңі ауруханалардың мамандандырылған бөлімшелерінде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, мамандандырылған оңалту орталықтары мен көпбейінді стационарлар базасында өтеді. Бұл кезеңде емді ауру басталған сәттен бастап 9 ай ішінде жүргізу қажет. Курстың ұзақтығы мен жиілігі нозологияға, науқастың денсаулық жағдайына тағы да басқа факторларға байланысты болмақ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...