Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
12.4 C
Almaty
12.8 C
Shymkent

Қазақстанға келетін ресейлік туристер саны жеті есеге артты

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда биыл ішкі туристер саны 6 млн адамнан асады деп күтілуде. Бұл туралы «Kazakh Tourism» АҚ Ұлттық компаниясының басқарушы директоры Даниель Сержанұлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

«Елде енді ғана туристік маусым басталды. Биыл 6 миллионнан аса қазақстандық турист ел ішінде саяхат жасайды деген болжам бар. Бұл сан артуы да мүмкін. Біз көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, туристерге қажетті жағдайды жасағымыз келеді. Әсіресе, жүйелі, ұйымдастырылған туризмді дамыту маңызды. Шетелдік туристердің де қалауын ескерген жөн. Елімізге Ресей мен ТМД елдерінен қонақтар жиі келеді», – деді Даниель Сержанұлы.

Оның сөзінше, Қазақстан отандық туризмді дамытуда араб елдерінің тәжірибесіне сүйенеді. 

«Биыл былтырмен салыстырғанда Ресейден келген туристер саны жеті есеге артты. Бұл көрсеткіш тағы артуы мүмкін. Себебі бұл күндері Омбыда, Новосибирскіде, Екатеринбургта, Санкт-Петербург пен Мәскеуде қазақстандық туризмнің таныстырылуы өтіп жатыр. Қазірдің өзінде көрші елден шоп-турмен келуде», – деп атап өтті спикер

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...