Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22.3 C
Nur-Sultan
26.8 C
Almaty
31.5 C
Shymkent

Министр Қазақстанда қант тапшылығы барын мойындады

Танымал

Ел аузында

ҚР премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда қант тапшылығы барын мойындады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр қант тапшылығы Ресей Федерациясының қант экспортына салған тыйымына байланысты екенін айтты. Оның айтуынша, ЕЭК Кеңесінің 2022 жыл 15 сәуірдегі шешімі шеңберінде Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 31 тамызға дейін 350 мың тонна көлемінде ақ қант пен шикі құрақ қантты бажсыз әкелу құқығы берілген.

Сондай-ақ, ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ бүгінде Қазақстан Республикасының аумағында қант тиелген 152 вагон (10 мың тоннадан аса) келе жатқанын, 58 вагон түсіру орнына жеткенін, 94 вагон межелі станцияға 7 тәулік ішінде келетінін айтты.

«Биыл 27 мамырда Нұр-Сұлтан қаласына «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» 2 вагон қант (шамамен 130 тонна) келіп түсті. Ал 30 мамырда Нұр-Сұлтанға келген қантты Magnum сауда желісі сатып алды, ол бөлшек сауда орындарына жеткізіліп жатыр», – деді министр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...