«Бомба қойылған». Ақтөбе облысы ПД поштасына жалған хабарлама келіп түскен

Танымал

Ел аузында

Ақтөбе облысы ПД поштасына оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама келіп түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 мамырда сағат 12:30 шамасында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің электрон поштасына оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келген. Шұғыл қызмет пен сапер тобы дереу оқиға орнына барып, ғимараттардағы жарылғыш құрылғылардың бар-жоғы тексерілген.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қ.Жұбанов атындағы АӨМ университеті, ЭжСУ және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының студенттері, оқытушылары мен жұмысшылары ғимараттан шығарылған. Жарылғыш зат табылмады.

Полиция департаменті жасырын хабарламалардың авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) соталды тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бойынша бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...