Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5.2 C
Nur-Sultan
15.7 C
Almaty
19.8 C
Shymkent

30 елде маймыл шешегін жұқтырған 550-ден астам науқас тіркелді – ДДСҰ

Танымал

Ел аузында

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде маймылдың 550-ден астам жағдайын тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы брифингте ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс мәлімдеді. Маймыл шешегінің індетін зерттеу жалғасуда, деді ол. Айтуынша, вирустың кенеттен көптеген елдерде бір уақытта пайда болуы оның біраз уақыт үнсіз режимде тарағанын білдіруі мүмкін.

Қазір ДДҰ-ға маймыл шешек вирусының эндемиялық емес 30 елінен расталған 550-ден астам науқастың жағдайы туралы хабарланды.

Демалыс күндері жарияланған жаңа ақпаратта ДДСҰ 2 маусымдағы жағдай бойынша вирустың таралуы тән емес 23 елде 257 науқас тіркелсе, 120-ға жуық адам вирус жұқтырды деген күдік бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдерді мұның үлкен індетке ұласуына жол бермеу үшін «мүмкіндіктер терезесін» пайдалануға шақырды.

Гебрейесус жұқпалы аурулардың көбейетінін айтты, сонымен қатар маймыл шешегінің белгілері өздігінен жойылатынын, бірақ кейбір жағдайларда ауру формада өтуі мүмкін екенін еске салды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...