Маңғыстауға барар жолда жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

Танымал

Ел аузында

Маңғыстауға барар жолда жүк көлігі өртеніп кетті, – деп хабарлайды «Лада».

Оқиға Жетібай-Құрық тасжолы учаскесінде болған. Жүк көлігі түгі қалмай жанып кеткен.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, құтқарушылар пультіне Қарақия ауданында Mercedes жүк көлігі мен жартылай тіркеме өртенгені туралы ақпарат 1 маусымда сағат 17:25-те түскен. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге бес өртсөндіруші барған. Сағат 17:59-да өрт сөндірілген. Оқиға себебін кезекші тергеуші анықтап жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жетісу медицинасының кадрлық әлеуетін қалыптастырған колледжге – 90 жыл

Бүгін Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Талдықорған жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. 1936...