Алматылықтарға ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 2-3 маусым күндері таулы аймақтарда ауа райы күрт нашарлайды. Сондықтан, қала тұрғындарынан жақын күндері таулы аймақтарға шықпауды сұрады.

«2 маусымда Алматы тауларында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 3 маусымда қатты жаңбыр, биік таулы аймақтарда қар күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді», – деп ескертті Алматы қалалық ТЖД.

ТЖД «112» бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жіберілген қауіпсіздік хабарламаларына назар аударуды сұрады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қысқа сөзге сыйған терең мағына: Нақыл сөздер жинағы жарық көрді

Жақында оқырман қауымға автор Динара Бердімұраттың нақыл сөздер жинағы жол тартты. Еңбек, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын арқау еткен...