Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Кәрім Мәсімовтің қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды

Танымал

Ел аузында

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, «А» арнайы мақсаттағы қызметінің басшысы Әнуар Садықұловтың қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 шілдесіне дейін ұзартылды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ал ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауға алу мерзімі 13 шілдеге дейін ұзартылды.

«ҰҚК-нің тергеу тобы Мәсімовке, Садықұловқа, Ерғожинге және басқа да тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабы 1-бөлігі, 179-бабы 3-бөлігі, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы, 366-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыс жасау белгілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда», –  деп хабарлады ҰҚК-де.

Айта кетейік, Бас прокуратура Кәрім Мәсімоврейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деп танылды. ҰҚК-нің тергеу тобы Мәсімов, Садықұлов, Ерғожинге қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...