Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Танымал

Ел аузында

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының екінші турында Словакияны жеңді. С дивизионының 3 тобының кездесуі Трнава қаласында өтіп, қазақстандық команданың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды, – деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Матч әдеттегідей, 5-4-1 жүйесі бойынша өтті. Ортада Оразов керемет ойқастады. Оған Айымбетов пен Астанов әдемі қолдау білдірді. Сөйтіп, екінші минутта Сергей Малый қарсылас қақпасына алғашқы соққыны жасады. Бірақ, ұлыбританиялық «Фулхэм» командасында ойнайтын қақпашы Марек Родак қайтарды. РЕКЛАМА

Содан кейін Словакия допты өз бақылауына алған еді, бірақ қақпамызға тура соққы жасай алмады. Алғашқы 20 минутта Игорь Шацкий өзіне шамалы сенімсіздеу болды. Ол айып алаңға асырылған доптарды қақшып ала алмай, біраз әбігерге түсті.

Бірінші таймның бел ортасынан асқаннан кейін біздің құрама шабуылда белсенді бола бастады. Соның арқасында 26-минутта гол соғылды.

Трнавада ұтылып жатқан алаң қожайындары да, Қазақстан құрамасының ойыншылары да «соңына» дейін ойнаймын деп, сары қағазды топырлатып алды. Төрешінің қаһарына Қазақстан құрамасынан Тимур Досмағанбетов пен Нұралы Әліп іліксе, Словакия сапынан Юрай Куцка мен Владимир Вайсс алды. 

Ойынның алғашқы таймының аяқталар тұсында Словакияның лидері, миландық «Интердің» серкесі Милан Шкриньяр жарақатына байланысты алаңнан кетті. Оның орнына Мартин Вальент шықты. 

Есесі кетіп жатқан Словакия екінші таймда бірден екі ойыншы алмастырды. Владимир Вайсстың орнына Томаш Суслов, Иван Шранцтың орнына шабуылшы Лукас Хараслин шықты. Сөйтіп, словактардың ойынына қан жүрді. Алаң иелері бірден екі қауіпті шабуыл жасады. Бірақ, тың шыққан екі ойыншының соққысы қақпадан қиыс кетті. 

Осы қауіпті сәттерден кейін Магомед Адиев те ойыншы алмастырды. Алаң ортасында өте жақсы ойын өткізген Оразовтың орнына Ян Вороговскийді шығарып, қорғанысты күшейтті. 

Словакия құрамасының ойындағы ең қауіпті шабуылы 62-минутта тіркелді. Харалин қақталдан сытылып шығып, Щацкиймен бетпе-бет шықты. Алайда, Словакия құрамасы шабуылшысы шиырып тепкен доп қақпаның бағанасына тиді. 

Ойынның 65-минутында Адиев бапкер тағы екі ойыншы шығарды. Әзербайжан қақпасына екі гол соққан Абат Айымбетовтің орнына Артур Шушеначев, ал Михаил Габышевтің орнына Бағдат Қайыров қосылды. 

7 сағаттық жолдың кері әсері болған шығар. 70-минуттан кейін Қазақстан құрамасы шаршап қалды. Ойынның қарқынын түсірмеу үшін 73-минутта бапкер Самат Жарынбетов пен Владислав Васильевті алаңға шығарды. 

77-минутта Словакия есепті теңестірген еді. Алаң жиегінен асырылған пасты Ладислав Альмаши сәтті пайдаланып, гол соқты. Бірақ бұл сәтте ойын тоқтап қалды.

Осылайша, Қазақстан қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, алты ұпаймен жалғыз көшбасшы атанды.

Бірінші айналымда Магомед Адиев шәкірттері Әзербайжанды (2:0), ал Словакия Беларусьті (1:0) ұтты.

Келесі матчтер 10 маусымда өтеді, Әзербайжан Словакия және Беларусь – Қазақстан ойнайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...