Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.6 C
Nur-Sultan
37.6 C
Almaty
40.7 C
Shymkent

«Көмековтер» ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды

Танымал

Ел аузында

«Көмековтер» ұйымдасқан қылмыстық тобы сотталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті «Көмековтер» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеді.

«Көмековтер ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 белсенді мүшесін басқарғаны, олардың әрқайсы жалған кәсіпорындардың тұтас желісі арқылы іс жүзінде жұмыс істемей, шот-фактураларды берудің қылмыстық схемасында белгіленген қызмет жасағаны анықталды», – делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекет бюджетіне салық түріндегі 1 миллиард теңгеден астам қаражат түспеген.

«Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың кеңсесін және 17 миллион теңгеден астам қаражатты тәркілеумен қатар, мемлекеттік кірістер органдардың 10 миллиард теңгеден астам сомаға келтірілген залал сомасын өтеп беру туралы азаматтық талап арызын да қанағаттандырды.

Сот үкімі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар түзеу мекемелерінде 3 жылдан 5 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, Көмековтер қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 7 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ауғанстаннан «Диуани Хикметтің» беймәлім қолжазбасы табылған

Ауғанстаннан табылған «Диуани Хикметтің» бұрын белгісіз қолжазбасы Қожа Ахмет Ясауи мұрасын жаңа қырынан танытқан. XVIII ғасырдың соңында көшірілген бұл нұсқада...