Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» синоптиктері 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, Солтүстік-батыс және Оңтүстік циклондары бірігіп, республика аумағында ауа райы тұрақсыз сипатта сақталады. Жаңбыр жауады, 11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте құмды дауыл күтіледі.

«Республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы күндіз 22-30-дан 17-26 градусқа дейін төмендейді, оңтүстік-батысында 25-35 граусқа дейін жылынады, солтүстігінде 20-28-ден 25-30 градусқа дейін ауытқиды, шығысында 28-37-ден 24-33 градусқа дейін төмендейді, орталығында 22-30-дан 27-32 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстікте 35 градусқа дейін аптап болжанады, ал оңтүстік өңірлерінде 25-35-тен 20-30 градусқа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Асылбек Ізбаировтың «Зайырлы мемлекет, постсекулярлы қоғам және қазақ Әдебі» атты кітабы таныстырылды

Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында тарих ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбарак» университетінің профессоры, Геосаяси зерттеулер институтының директоры Асылбек Ізбаировтың...