Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Боранбаев пен Сатыбалдыұлын қамау мерзімі ұзарды

Танымал

Ел аузында

Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қамауға алу мерзімі ұзартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», – деді елордалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Осы күні мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қайрат Сатыбалдыұлын қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты, ал одан бір күн бұрын, 2022 жылдың 7 маусымында күдікті Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қамауға алу мерзімі ұзарған.

Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-тың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын. 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Мамырдың басында Сатыбалдыұлы да, Боранбаев та Forbes рейтингіндегі Қазақстанның ең бай бизнесмендері тізімінен шығарылғаны белгілі болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...