«Игра в кальмара» веб-сериалының екінші маусымының тизері жарияланды

Танымал

Ел аузында

Netflix стриминг-сервис Twitter желісінде танымал корейлік «Игра в кальмара» веб-сериалының тизерін жариялады, – деп хабарлайды Deadline.

Видеодан «Қызыл түс, жасыл түс» сынағындағы қуыршақты көруге болады. Фильм режиссері Хван Дон Хюктің айтуынша, екінші маусымда бас кейіпкер Сон Ги Хун мен ойын жүргізушісі Хван Ин Хо оралады. Сондай-ақ, Ен Хи және Чоль Су есімді жаңа кейіпкерлер келеді.

«Өз ойымды жүзеге асыру үшін маған 12 жыл уақыт қажет болды. Ал фильм бар-жоғы 12 күн ішінде танымалдық әкелді», – деді Хван Дон Хюк.

Netflix-тегі «Игра в кальмара» қаралым бойынша көш бастап тұр. Фильм алғашқы 28 күн ішінде 1,65 миллиард қаралым жинады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Адам саулығы жолындағы адал еңбек

Медицина — тек мамандық емес, ол үлкен жауапкершілік пен адам өміріне деген жанашырлықты талап ететін ерекше қызмет. Медицина қызметкері...