Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

«Бас-миым шайқалды»: Жол апатына түскен Толқын Забирова жағдайын айтты

Танымал

Ел аузында

Бірер күн бұрын жол көлік апатына түскен әнші Толқын Забирова тыңдармандарымен байланысқа шықты. Ол қазіргі денсаулық жағдайы туралы айтты. Өнер иесі аурухана палатасында жатқан жерінен видео түсіріп, өзіне алаңдаушылық білдірген барша жұртқа алғыс білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қайырлы күн, достар. Басыма осындай күн түсіп тұрған кезде менің жанымда қанша жанашырларымның барына, осындай қиын сәтті менімен бірге бөлісіп жатқан жандардың барына менің көзім жетіп отыр. Сіздерге көп рахмет. Ең бастысы, аяқ-қолым сау, сынған сүйектерім жоқ. Бас-мидың шайқалуы дегенмен күресіп жатырмыз. Алаңдамаңыздар. Ем алып жатырмын. Осы айтқан барлық тілектеріңізді Алла тағала қолдап, еселене түссін. Сіздерге мұндай күн төнбесін деп тілеймін. Ал рөлде отырған жандарға сақ, ұқыпты болыңыздар деп айтқым келеді. Өмірге үлкен жауапкершілікпен қарайық», – деді Забирова.

Айта кетейік, бұған дейін әншінің жол апатына түскенін хабарладық.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Су тасқынының шарықтау шегі қашан болады? Ғалымдардың жауабы

Биыл елімізде көрші елден мол су келіп жатыр. Бұл ағын қашанға дейін жалғасады? Шарықтау шегіне қашан жетеді? Massaget.kz тілшісі сарапшылардың пікірін...