БҚО әкімдігі Орал тұрғынына моральдық өтемақы төлейтін болды

Танымал

Ел аузында

Ер адам БҚО әкімдігінің үстінен арыз жазып сотқа жүгінген. Оның талабы бойынша Орал қалалық № 2 соты оң шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой ГОРОД” порталына сілтеме беріп.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, азамат № 3 қалалық емхананың жұмысына көңілі толмай, одан кейін облыс әкімдігіне арыз жазған. Алайда оған жауап алмаған ол шенеуніктерге өзі барған кезде қызметкерлер оған дауыс көтеріп, өзіне тіл тигізген.

Басынан өткергендері үшін талапкер моральдық өтемақы ретінде 500 мың теңге сұраған.

Судья Марат Маликов азаматтық талапты ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарып, моральдық өтемақы ретінде 100 000 теңге жеткілікті деп есептеген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Астанада заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологиялары талқыланды

2026 жылғы 24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің үшінші күні аясында экология саласында заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды...