Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5.9 C
Nur-Sultan
13.4 C
Almaty
21.2 C
Shymkent

Қарашөкеев елде қант тапшы екенін тағы да жоққа шығарды

Танымал

Ел аузында

Ауыл шаруашылығы министрі елдегі қантқа байланысты жағдайды шиеленіскен деп атады. Алайда қант тапшылығы бар екенін жоққа шығарды. Ербол Қарашөкеев әдеттегідей елге қанттың тұрақты жеткізіліп жатқанын мәлімдеді. Ал өндірушілерде ешқандай мәселе болмайды, деп хабарлайды КТК арнасы. 

«Біз қазір 100 мың тонна қант квотасын бөлуді бастадық. Мұның жартысын өндірушілерге беру керек. Мәселен, сусын дайындау үшін экстра-қант керек, бұл жоғарғы сападағы қант. Зауытта өндірілетін қарапайым қант жарамайды. Кондитерлік зауыттар бұдан өздеріне қажетті көлемде қант ала алады», – деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев. 

Ал қант бағасы бойынша сауалды Сауда министрлігі мен әкімдерге қоюға кеңес берді. Себебі қазір кей дүкендерде қанттың бір келісі 1 000 теңгеге дейін жеткен. 

Елордада халықтың өзі дүрлігіп жатқанын айтып жатқанда, жағдайды алаяқтар пайдаланып кеткен. Жамбыл облысында ғаламтор арқылы қантты арзан бағамен сата бастаған. Тұтынушы алдын ала төлем жасағанымен, тауар қолына тимеген. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Госкорпорация внедрила сервис по доставке готовых документов

Государственная корпорация «Правительство для граждан» внедрила в работу центров обслуживания населения услугу доставки готовых документов на указанный адрес. Сервис реализован...