Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Орал тұрғыны әкімдікті сотқа беріп, 100 мың теңге өндіріп алды

Танымал

Ел аузында

Әкімдік қызметкерлері оған дауыс көтеріп, ар-намысына тиіп, құрметсіздік танытқан. Бұл бассыздыққа төзбеген тұрғын сотқа жүгініп, моральдық өтемақы ретінде әкімдіктен 500 мың теңге талап еткен.

Орал тұрғыны жеке басына тіл тигізген үшін Батыс Қазақстан облысының әкімдігін сотқа беріп, 100 мың теңге өндіріп алды.

«Мой город» порталының жазуынша, әкімдіктегілер оның ар-намысына тиіп, құрметсіздік танытқан. Осы жайтқа қатысты Орал қалалық №2 соты тұрғынның пайдасына шешім шығарған.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, Нұғманов есімді тұрғын №3 қалалық емханасының жұмысына көңілі толмай, облыс әкімдігіне арыз жазған. Алайда әкімдік сол күйі жауап бермеген.

Шағымына қатысты жауап білмек болып шенеуніктердің алына өзі барғанда, олар тұрғынды жақтырмай қарсы алған – оған дауыс көтеріп, ар-намысына тиіп, құрметсіздік танытқан. Бұл бассыздыққа төзбеген тұрғын сотқа жүгініп, моральдық өтемақы ретінде әкімдіктен 500 мың теңге талап еткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz«Мой город» порталына сілтеме жасап.

«Судья азаматтық талапты ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарып, тұрғынға моральдық өтемақы ретінде 100 000 теңге жеткілікті деп үкім шығарды», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

DISNEY СТУДИЯСЫНЫҢ «МОАНА 2» АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады 28 қараша күні Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Disney студиясының «Моана 2» анимациялық фильмінің...