Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Нұр-Сұлтан әуежайында ұшу-қону жолағы жөнделеді

Танымал

Ел аузында

Нұр-Cұлтан әуежайында 2022 жылғы 15 шілде мен 8 тамыз аралығында ұшу-қону жолағына жөндеу жүргізіледі, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Астана әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе айлағының мәліметінше, жөндеу жұмыстары сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Сондықтан әуежайдың жұмыс регламенті өзгертіледі. Бұл әуекомпанияның барлық күндізгі рейстері басқа уақытқа ауыстырылады дегенді білдіреді.

«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған жөндеу жыл сайын жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешімді әуежай осы жылдың ақпанында қабылдады, содан кейін осы жұмыстардың кестесі туралы ақпарат әуекомпанияларға уақытылы жіберілді. Әуетасымалдаушылар әуежайдан алынған хабарлама негізінде рейстер кестесіне өзгерістер енгізді», – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Осы жылдың наурызында Ақтөбе әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары жүрмеген уақытта, яғни түнгі уақытта да ұшулар орындалды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Халықаралық сенім мен ел имиджін нығайту жолындағы үлкен қадам

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі додасы өтуі әбден мүмкін. «Алматы қаласында құрлықаралық бұл доданы өткізуге...