Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Министр Омаров ресейлік телеарнадағы соғыс насихаты туралы: Тыңдағысы келмейтін адам тыңдамайды

Танымал

Ел аузында

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров елде заң бұзбаса, Қазақстанда ресейлік телеарналардың ақпарат таратуына тыйым салу үшін ешқандай себеп жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, Қазақстанда кабельдік желі арқылы ақпарат тарату провайдер мен телеарна арасындағы құқықтық келісімшарт негізінде жүзеге асады. 

«Мемлекет бұл процеске араласпайды, тек министрлік сол телеарнаның өкілдігі мемлекет аумағында болуын талап ете алады. Екіншіден, тағы да министрлік 15 телеарна кіретін бірінші міндетті кабельдік желімен қамтамасыз етеді. Қазір бұл пакетті кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Ал шетелдік телеарналар – тұтынушының таңдауы. Егер азамат Қазақстан Республикасының заңын бұзып, қандай да бір әрекетке шақырғанын байқаса, өтініш, тиісті құқық қорғау органдарына шағым түсіріңіз. Тағы да қайталаймын, шетелдік телеарналар тек кабельдік желі арқылы ақпарат таратады және онда түрлі елдің арналары ұсынылған. Олар провайдер және арна арасында келісімшарт арқылы қарым-қатынас орнатады», – деп түсіндірді министр. 

Асқар Омаров бұл жағдайға қатысты мемлекет пен ақпарат министрлігі әрекетсіздік танытты деп санамайды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...