Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Полиция басшыларына қатысты 9 қылмыстық іс қозғалды – Бас прокуратура

Танымал

Ел аузында

Қаңтар оқиғасы кезінде қашып кеткен полиция басшыларына қатысты 9 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі кезде осы істермен арнайы прокурорлар айналысып жатыр.

«Арнайы прокурорлар күш құрылымдарының жекелеген басшыларына қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. 5 қаңтарда Алматы және Жамбыл облыстары полиция департаменттерінің, сондай-ақ Алматы мен Қызылорда және Алматы облыстарының ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары өз ғимаратын, соның ішінде қызметтік атыс қаруын тастап кеткені белгілі. Олардың барлығы күдікті деп танылып, осы фактілер бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды», – деді Шалабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, прокуратура органдары қаңтар оқиғасы бойынша 5 мыңнан астам істі тергеп-тексеріп жатыр. Қылмысты ұйымдастырушы ретінде 27 адам күдікке ілінген. Олардың қатарында Алматы әуежайына және Көктөбе мұнарасына шабуыл жасағандар бар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...