Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

«Ол Путинге қызмет ететін ресейлік шенеунік»: Шешенстан саясаткері Қадыровтың сөзі үшін қазақ халқынан кешірім сұрады

Танымал

Ел аузында

Қазақстан да шешендер және барлық елдер секілді Кеңес империясының қол астында болды. Қазақтардан «шешендерді қабылдайсыңдар ма?» деп сұраған жоқ.

Шешенстандағы оппозициялық саясаткер, диссидент Тумсо Абдурахманов Рамзан Қадыровтың мәлімдемесі мен қазақстандық журналистің сөзіне түсініктеме берді.

Ол Қадыровты шешен халқынан бөліп қарауды өтінді. Ол Шешенстан Республикасының қазіргі басшысын «Путинге қызмет ететін ресейлік шенеунік» деп атады.

– Қадыровтың айтқан сөзі Қазақстан халқының, қайраткерлерінің наразылығын тудырды. Бірақ көпшілік ресейлік шенеуніктің (Қадыров) сөзіне емес, шешен халқына жауап беріп жатыр. Қайдағы бір ресейлік шенеунік сіздерге қатысты бірдеңе айтса, Ресейге қарсы емес, сол сатқын шыққан елге жауап бердіңіздер. Бірақ бағыттарыңыз дұрыс емес. Қазақстандық журналист пост жазып, шешендерге тарихты еске алу керектігін айтты. Қадыровқа ескертуді сұрады. Сен ресейлік тарапқа жүгін, шенеуніктеріне ескерту жасайтын шығар. Шешен халқы қазақтар туралы ештеңе айтқан жоқ. Қазақтармен арамызда ешқандай мәселе жоқ. Егер ұлты қазақ ресейлік шенеунік біз туралы бірдеңе айтар болса, біз Ресейге жауап қайтарамыз. Қазақтарға емес. Ол ресейлік шенеунік ретіндегі Қадыровтың сөзі. Біз олай ойламаймыз, бұл солардың позициясы. Мен ресейлік шенеунік үшін халқыма қатысты жаман сөз айтылғанын қаламаймын, – деді Абдурахманов.

Сондай-ақ, шешен халқының Қазақстанға көшірілуін түрлендірудің қажеті жоқ екенін айтып, тарихи жағдай баға берді.

– Сталин шешендерді елінен қуып, Сахараға жібергенде Қазақстан тәуелсіз ел ретінде «бауырлас халықтың онда баруына жол бермейміз, бізге жіберіңдер» деп айтқан жоқ. Қазақстан да шешендер және барлық елдер секілді Кеңес империясының қол астында болды. Қазақтардан «шешендерді қабылдайсыңдар ма?» деп сұраған жоқ. Шешендерді қазақ жеріне әкеліп тастады. Жағдайды түрлендірмейік. Шешендерде қазақтарға қатысты ешқандай шағым мен сұрақ жоқ. Қазақтарда да шешен халқына қатысты ешқандай шағымы жоқ, болмауы да тиіс. Арамызда сұрақтар емес, бауырлас халық ретінде дұрыс қарым-қатынас болуы керек. Бұл мәселеге айналып келмейміз деп ойлаймын, – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...