Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге 30 миллиард теңге қарыз болып қалған

Танымал

Ел аузында

Қазақстандық мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын ала алмай жүр. Ал еңбек демалысы мен сауықтыру ақысы бойынша берешек 30 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы мәжіліс депутаты Юлия Кучинская айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, соңғы күндері депутаттардың атына мектеп мұғалімдерінен арыз-шағым көп түседі. Мемлекет жалақы, еңбек демалысы және сауықтыру ақысы бойынша ұстаздарға берешек болып қалған.

«Пандемиядан кейінгі күрделі оқу жылын аяқтаған соң, 1 маусымнан бастап 300 мыңға жуық мұғалім еңбек демалысына шықты. Бірақ мұғалімдердің бір бөлігі өз демалысын лайықты өткізе алмай жүр, отбасылық жоспарын белгісіз мерзімге шегеруге мәжбүр. Оған оқу-ағарту министрлігінің бюджет жоспарлау мәселесіне салғырт қарауы себеп», – деді Кучинская оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке жолдаған депутаттық сауалында.

Айтуынша, трансфертті есептеу кезінде үкімет оқушылар контингентінің жыл сайын ұлғаятынын ескеріп, еңбекақы төлеу қорын индексациялау мәселесін есепке алмаған. Салдарынан министрлік жіберген олқылық, кейін бюджетті нақтылау кезінде бұл проблеманың қозғалмауы бюджет қаражатының тапшылығына әкеп соқты.

«Бюджет тапшылығынан мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын әлі алған жоқ, енді біріне еңбекақы толық төленбеген. Бұған қоса, еңбек демалысы және сауықтыру ақысы бойынша берешек 30 миллиард теңгені құрады», – деді Кучинская. Ол мұғалімдер барлық инстанцияға мұң-мұқтажын жеткізіп жүргеніне қарамастан, министрлік үнсіз қалғанын атап өтті.

Мәжіліс депутаттары оқу-ағарту министрінен бұл мәселені тез арада шешуді талап етті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

DISNEY СТУДИЯСЫНЫҢ «МОАНА 2» АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады 28 қараша күні Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Disney студиясының «Моана 2» анимациялық фильмінің...