Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнында болған – ҰҚК

Танымал

Ел аузында

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнында болған. Бұл туралы мәжіліс кулуарында ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Кәрім Мәсімов пен Самат Әбіш қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнында болды. Қандай бұйрық бергені туралы айта алмаймын, қазір тергеу мән-жайды анықтап жатыр», – деді Асқар Әмірханов. 

Әмірханов күзге қарай ҰҚК басшыларының сотына қатысты ақпарат белгілі болуы мүмкін екенін айтты. Ал сот отырысының ашық немесе жабық өтуін сот органдары шешеді екен. 

Айта кетейік, бұған дейін Асқар Әмірханов Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеген еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...