Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
27.3 C
Shymkent

Самат Әбіштен жауап алынып жатыр – ҰҚК

Танымал

Ел аузында

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Самат Әбіштен жауап алынып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш жұмыста болған. «Қазір Самат Әбіш те тергеуге алынды. Одан жауап алып жатыр. Ол күдікті ме, куәгер ме, статусын білмеймін», – деді Әмірханов мәжіліс кулуарында. Ол Самат Әбіштің Қазақстанда екенін айтты. Бірақ өзі оны көрмеген.

 

«Өз басым оны көрген жоқпын. Бірақ тергеу жүріп жатыр, сондықтан ол осында болуға міндетті», – деп нақтылады Әмірханов.


Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 6 қаңтарда қызметінен босатылды. 8 қаңтарда оның ұсталғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның екі орынбасары – Әнуар Садықұлов («А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы) мен Дәулет Ерғожин ұсталды.


Артынан Мәсімовтың тағы бір орынбасары Марат Өсіпов қамауға алынды. Ал Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қызметінен босатылды.


Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, «билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылып отыр. Сосын пара алу фактілері бойынша тергеу шаралары қолға алынды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Отан қорғаушылар күніне орай іс шара өткізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған жаза өтеушілер арасында 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне...