Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Шымкентте жекеменшік мектеп директоры бюджет қаржысын жымқырған

Танымал

Ел аузында

Оқымаған оқушыларға оқыды деп қол қойған.

Шымкентте жекеменшік мектеп ашқан директор жан басына қаржыландыру бағдарламасы арқылы жалған есеп жүргізіп, бюжет қаржысын жымқырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

2019-2020 оқу жылында мыңдаған оқушыны тіркеп, жеңіл жолмен ақша тапқысы келгендердің қатарында білім басқармасының екі қызметкері бар. Олардың бірі өз ісіне салғырттық танытса, екіншісі жемқорлыққа жол бергені үшін 3 жылға сотталды. Ал жекеменшік мектептің құрылтайшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Әл-Фараби аудандық соты мемлекет қазынасына 123 миллион теңге шығын келгендігін айтты.

«Айкөзов білім басқармасының бас маманы бола тұра, Дүйсенқызынан 2 млн теңге пара алған. Оқымаған оқушыларға оқыды деп қол қойған. Ал білім басқармасы басшысының орынбасары Текебаеваға үкім салғырттық бабы бойынша шықты. Яғни салғырттық ҚК 371 бабы бойынша», – деді әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Халықаралық сенім мен ел имиджін нығайту жолындағы үлкен қадам

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі додасы өтуі әбден мүмкін. «Алматы қаласында құрлықаралық бұл доданы өткізуге...