Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Аптап ыстықта көлікте қалып кеткен бүлдіршін көз жұмды

Танымал

Ел аузында

АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауа температурасының рекордтық деңгейде жоғары көтерілуі салдарынан көлікте қалған 5 жасар бала мерт болды, деп хабарлайды ABC News.

Дүйсенбі күні Хьюстонда ауа температурасы Цельсий шкаласы блойынша 39 градусқа жеткен. Бұл – 2011 жылдан бергі ең жоғары температура көрсеткіші.

Бала үйінің жанындағы тұрақта тұрған көліктің ішінде қалып қойған. Ата-анасы баланың әпкесінің туған күнін атап өтуге дайындалып жатқан. Жеткіншектің үйде жоқ екенін біраз уақыт өткеннен кейін ғана байқаған.

Полицияның хабарлауынша, бала қауіпсіздік белбеуін қалай ағытатынын және өз отбасының көлігінен өздігінен қалай шығу керектігін білген. Бірақ сол күні ол жалға алынған көлікте болған, ондағы есікте балаларға арналған қауіпсіздік бекітпесі болмаған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда алғаш рет қимыл-тірек жүйесінің сирек кездесетін кемістіктеріне шалдыққан балаларға бірегей оталар жасалды

Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы емдеу процесіне жаңа үрдістерді тұрақты түрде енгізіп отырады. Сөзімізге қазанның 13 мен 16...