Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Батыс Қазақстан облысында тырысқақ ауруы таралып жатыр

Танымал

Ел аузында

Батыс Қазақстан облысында тырысқақ ауруы таралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Аса жұқпалы дерттің бактериясы табылғанын дәлелдейтін құжат ғаламторда да таралуда. Бұл жағымсыз жаңалықты жергілікті санитар дәрігерлер растады. 

Жаз маусымы басталғалы бері өңірдегі өзен-көлдерден алынған 73 сынаманың 14-інде тырысқақ дертінің таяқшалары табылған. Бірақ, бұл кеселден келер қауіп жоқ деп отыр мамандар. Өйткені өзге де жұқпалы аурулар сияқты бұл індеттің де көптеген штаммы бар.

Судан табылған тырысқақтың таяқшаларынан тек іш өтеді екен. Сондықтан, дәрігерлер тұрғындарды дүрлікпеуге шақырады. Десе де тазалыққа аса мән беріп, өзен-көлге шомылғанда су жұтып қоймау керек дейді олар. Әзірге, облыста кесел жұқтырған науқас тіркелмеген.

“Бұл таяқшалар облыстағы ашық су көздерінің барлығында кездеседі. Жыл сайын тіркеледі. Сондықтан, тұрғындарға қайнатылған болмаса бөтелкедегі суды ішуге кеңес береміз. Дәретханаға барған соң міндетті түрде қолды жуу қажет. Жұқпалы дерт лас жерден жұғатынын естен шығармаған жөн”, – дейді БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Лекарства на сумму 507 млн ​​тенге выдали пациентам бесплатно

С начала года в городской многопрофильной больнице города Конаев пациентам выдали медикаменты на сумму 507 миллионов тенге. Это форма бесплатной...