23 маусым 2022 жыл, Алматы, Қазақстан – Алматыда логистика саласындағы басты шара Logforum өтті. Шара Орталық Азиядағы логистиканы дамытатын жетекші өндірушілерді, жеткізушілерді және бөлшек саудагерлердің басын қосты. Халықаралық форумға қатысушылардың бірі SAP шешімдерінің интеграторы LeverX Group болды. Бренд спикерлері SAP EWM – Өзбекстандағы ең ірі автоөндіруші UzAuto Motors кәсіпорындарындағы қоймаларды есепке алуды оңтайландыру жүйесін іске асыру кейсімен бөлісті.
UzAuto Motors бүгінде 192 мың шаршы метрді құрайтын өндіріс кеңістігі бар, 10 мың қызметкер жұмыспен қамтылған және 15 ел экспорттық келісімі бар компания. Ал компанияның Асака қаласындағы ең ірі зауытының өндірістік қуаты жылына 300 000 көлікті құрайды. Автокөлік өнеркәсібінде SAP EWM (кеңейтілген қойманы басқару) жүйесін енгізу арқылы LeverX Group үш негізгі мақсатқа жетуге ұмтылды:
– қоймаларды есепке алу процестерін оңтайландыру және ашықтықты қамтамасыз ету;
– барлық желілерді үздіксіз жабдықтауға қол жеткізу;
– уақытша шығындарды азайту.
SAP EWM модулін енгізу нәтижесінде қорлар мен материалдар қозғалысын есепке алудың бірыңғай жүйесі құрылды, дәл уақыт тәртібінде тауарлардың нақты қалдығы туралы деректерді бақылауға, іріктеу аймақтарын автоматты түрде толтыруға, сондай-ақ жұмыста RF терминалдарын пайдалану мүмкіндігі туындады.
Logforum негізгі сұрағына жауап бере отырып, біртұтас ортаны және қоймаларды есепке алудың ашық процестерін қалай құруға болатынын LeverX Group жоба менеджері Юрий Яковлев айтты:
– Дұрыс шешімді таңдамас бұрын, оны үнемі бейімдеу мүмкіндігімен орта мерзімді цифрлық даму стратегиясын әзірлеу керек, өйткені қазір технология өте жылдам жетілдіріліп жатыр. Келесі негізгі фактор – ол адамдар. Интегратор тарапынан құзыретті қызметкерлердің болуы ғана емес, сонымен қатар келіссөздер кезеңінде «химиялық әрекет» секілді байланыс орнату керек және тапсырыс берушінің командасына тиісті назар аудару маңызды. Әрине, сенімді серіктес таңдаңыз, өйткені, ол тек сіздің технологияларыңызды өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар бизнес-процестердің өзін де өзгертеді
LEVERX GROUP ТУРАЛЫ
LeverX тобы екі команданы біріктіреді: LeverX және Emerline. Emerline брендімен компания Батыс Еуропа мен АҚШ-тың стартаптары мен ірі бизнестері үшін веб және мобильді шешімдерді әзірлейді. LeverX – стратегиялық SAP серіктесі және SAP Gold серіктесі.
Клиенттер санының ұлғаюымен LeverX Group өзінің халықаралық қатысуын кеңейтіп, ауқымын кеңейтуде. 2021 жылы компанияның картасы Вильнюс, Вроцлав және Гейдельбергтегі кеңселерді қоса алғанда, 5 елдегі 8 жаңа орынмен толықты. Ал 2020 жылдың желтоқсан айында Ташкенттегі өкілдік өз жұмысын бастады.
Қазақстан мен Өзбекстандағы PR серіктесі, Bainazarov Agency
Олеся Колесниченко
olessya.kolesnichenko@gmail.com
What’sApp: +7701-724-9258