Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
36.3 C
Shymkent

Қазақстанда Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі ұзартылды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі ұзартылды. Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

КТК арнасының мәліметінше, енді осыған орай, қалған дозаларды енді қыркүйек пен қазан айына дейін пайдалануға болады.

Бұған дейін соңғы сатып алынған партияның Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі шілде айының соңына дейін делінген еді. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина мерзімі өтпегенін, сапасын жоғалтпағанын айтты.

Мұның бәрі сақтау шарттарына  байланысты. Америкалық өндірушілер сәуір айында бұл топтаманы пайдалану мерзімін ұзартты. Ол үшін қатаң температура режимі сақталу керек: минус 90 – 60 градус аралығында.

Маусым айының соңында Қазақстандағы Pfizer компаниясының бірінші құрамдас бөлігін 1,2 миллионнан астам адам алды. 1,1 миллионға жуық қазақстандық екінші компонентті екті. Жалпы, соңғы мәліметтер бойынша елде америкалық препараттың 300 мың дозасы қалған. Ковид жұқтырғандар санының артуы аясында дәрігерлер қазақстандықтарды вакцинация арқылы вирустан қорғануға тағы да шақырды.

«Екпе мен ревакцинация бізде тоқтаған жоқ. Елімізде вакцина тапшылығы жоқ. Pfizer, Vero Cell және біздің отандық вакцина QazVac. Әрбір азамат ұжымдық иммунитетті сақтау үшін өзінің азаматтық белсенділігін танытып, ревакцинациядан өтуі керек. Вакцинация емханалар мен егу пункттерінде жүргізіледі», – деді ҚР Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...