Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-22 C
Nur-Sultan
-20.1 C
Almaty
-5.7 C
Shymkent

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекетке өтеді

Танымал

Ел аузында

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан GPC Investment компаниясы республикалық меншікке өтеді. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«GPC Investment» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Tau Bereke Group» ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын», – делінген қаулы мәтінінде.

Айта кетейік, «GPC Investment» компаниясы – «Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты текшесіне 1,15 миллиард метр газ өңдеу зауытын салу» жобасының операторы.

«Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты GPC Investment компаниясы «QazaqGaz» ҰК» АҚ балансына беріледі.

Өз кезегінде, бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – дейді үкіметтегілер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда тұрмысы төмен жандарға арналған тегін асхана ашылды

Шаһарда алғаш рет ашылған дәмхана азаматтарға күн сайын тегін таңғы ас ұсынады. Алматыда халықтың тұрмыстан тарылған топтары үшін әлеуметтік асхана...