Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазалының қайырымды ұжымы

Танымал

Ел аузында

Бүгінде елімізде тағамы халал, қызметі адал бірегей дәмханалар желісінің қалыптасып келе жатқаны көңіл қуантады. Осы орайда Әйтеке би кентінің орталығынан жеке кәсіпкер Сағымбаев Мақсат Қанатұлының бастамасымен «NAUAT» дәмханасының екінші нүктесінің ашылуы мен «RUMI» кондитерлік дүкенінің ашылуына жергілікті тұрғындар қатты қуанды. Өйткені осыған дейін тағамдарының ерекше дәмімен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарын ғана қуантып келген дәмханалар желісінің сонау Қазалы өңірінен ашылуына халық қалай қуанбасын. Кім кімді де ұялмай барып қонақ ете алатын, тағамдарының бірегей дәмі таңдайда қалатын, «ҚМДБ» сертификаты бар дәмхана қайырымдылықпен айналысуда да алдына жан салмайды.

Соның айғағы желтоқсан айының қарсаңында дәмхана ұжымы қазалылық ерекше балаларды аналарымен қосып тегін тамақтандырып,  жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Еліміз бойынша барлық бала жаңа жылдық көңіл күйде жүргенде көп жағдайда ерекше балаларды қоғамымыздың ұмыт қалдыратыны жасырын емес. Осыны ескерген дәмхана ұжымы 40 шақты балаға анасымен қосып тегін тамақ беріп, аниматорлардың көмегімен ойындар ұйымдастырып, ал аналарына арнайы сый сияпат та жасады.

Атап айтсақ өзі де ерекше баланың анасы журналист Сандуғаш Шортанованың «Мама деші» атты 20 кітабын сатып алып, аналарға тегін таратты. Өмір бойы науқас бала бағу оңай емес, бірақ «іштен шыққан шұбар жылан» дегендей баласы қандай болса да ана үшін ол қашан да бауыр еті баласы. Сондықтан «Мама деші» кітабы аналарға үлкен мотивациялық көмек болғаны анық. Автордың өзі бұл шараға арнайы келе алмаса да «Қазалылық ерекше аналарым» деп бастап, лед экран арқылы арнайы жолдаған сәлемдемесі талай ананы қанаттандырды деуге болады. Қазалылық аналар талай уақытқа дейін айтып жүретін кеш болды деуге болады.

Ол аздай биылғы жылдың балаларды қорғау күніне орай тағы да балаларға арнап іс шаралар ұйымдастырып, қайырымдылық дастарханын жайып тағы да бүлдіршіндерді қуантты.

Бұдан бөлек рамазан айында тегін тамақ беру, басқа да мерекелік шараларда қайырымдылық істерге мұрындық болу дәмхана ұжымының сүйікті ісі деуге болады. Бүгінде бірлігі жарасқан ұжым кез келген шараны асқан ұйымшылдықпен тез әрі, қызықты өткізуге машықтанған. Шыны керек, қанша пайда тауып жатса да қайырымдылық шараларымен шаруасы жоқ, қайыры қара басынан аспайтындармен түрлі тамақтандыру орындарымен халыққа қызмет көрсету орындарымен салыстырғанда шағын ауданда жатып ақ талай жақсы іске мұрындық болып жүрген ұжымның жұмысы ауыз толтырып айтарлықтай дей аламыз.

«NAUAT» кафесінде түрлі тағамдарды ыстық күйінде жеткізу қызметі және балаларға арналған ойын-алаңы да қарастырылған. Пандемия кезінде де дәмхана карантиндік талаптарды қатаң сақтауымен ерекшеленді. Бүгінде заманауи қызметімен, дәмді тағамдарымен жергілікті халықты қуантып отырған Сағымбаев Мақсат Қанатұлының дәмханалар желісіне халық дән риза! Осынау істерге мұрындық болып жүретін қайырымдылық қанына сіңген, алайда мұндай істерді сыртқа көрсете бермейтін дәмхана әкімшісі Жарылқапова Гүлданаға бүгінде балалар бауыр басып та қалған. Қайырымды ұжымның істеріне береке тілеймін! Халық алғысына бөлене беріңіздер!

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АЛМАЛЫ КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫНДА «ALMALY NIGHT»КЕЗЕКТІ КВИЗ ОЙЫНЫ ӨТТІ

2024 жылғы 23 қазанда Алмалы комьюнити орталығында Алмалы ауданының демалыс орталықтарынан жастарды жинаған "Almaly Night" кезекті квиз-ойыны өтті. Бұл...