Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17 C
Nur-Sultan
23.6 C
Almaty
27.7 C
Shymkent

Автогаздың 2023 жылға дейінгі шекті бағасы белгіленді

Танымал

Ел аузында

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің 2022 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрық шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұйрықта өңірлердегі газ бағасы белгіленген. Егер осы бағадан қымбатқа газ сатылған жағдайда автогаз құю станцияларыныың басшылары жазаланады.

Сонымен, сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар:

Нұр-Сұлтан – 70 теңге/л;

Алматы – 65 теңге/л;

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары – 50-55 теңге/л;

Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстары, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында – 70-75 теңге/л;

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында – 60-65 теңге/л.

Бұйрық биыл 6 шілдеден бастап  2023 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...