Қазақстанның бас көлік прокуроры қызметінен кетті

Танымал

Ел аузында

Ернат Сыбанқұлов бас көлік прокуроры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі.

«Бас прокурордың бұйрығымен Ернат Сыбанқұлов басқа қызметке тағайындалуына байланысты бас көлік прокуроры қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Ернат Сыбанқұлов 1973 жылы 21 маусымда Алматы облысында дүниеге келген.

1995-1997 жылдары Алматы қаласы Мәскеу облысы прокурорының көмекшісі қызметін атқарған.

1997-1998 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарған.

Алматы қаласы Түрксіб және Медеу аудандары прокурорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры да болған.

1998-2012 жылдары Алматы қаласы Алмалы және Медеу аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2017 жылдар аралығында Жамбыл облысының прокуроры қызметін атқарған.

2017-2019 жылдары Атырау облысының прокуроры болды.

Ол 2019 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанның Бас көлік прокуроры қызметін атқарды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Ұлт коды: Өнердегі өрнек» атты ауқымды шара өтті

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды дәріптеген түрлі іс-шаралар легі жалғасып жатыр. Алматы облысы, Талғар ауданына...