«Қазгидромет» мамандары еліміздің басым бөлігінде құрғақшылық болатынын мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» мамандары еліміздің басым бөлігінде құрғақшылық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жауын-шашынның стандартталған индексі болжамына сәйкес жауын-шашын тапшылығы Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Айтекеби және Хромтау аудандарында, Алматы облысының Алакөл ауданында байқалады. Сонымен қатар Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Абай облысының Семей қаласы маңайында жауын азаяды деп күтіледі. 

Құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында болжанды. Қазақстанның қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын. Ал Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында оңтайлы болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы скорой медицинской помощи. Сегодня в регионе круглосуточно работают 147 бригад...