Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды – БАҚ

Танымал

Ел аузында

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ шабуылдан кейін қайтыс болды, – деп хабарлайды РИА Новости. 

NHK телеарнасы мәліметінше, саясаткер Нарадағы медициналық университеттің ауруханасында қайтыс болды. Ол 67 жаста еді. 

Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу оқ атқаны хабарланған болатын. Қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Оған екі мәрте оқ атылып, саясаткер бірден құлаған. Кейін шабуыл жасаған күдікті анықталды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жетісу медицинасының кадрлық әлеуетін қалыптастырған колледжге – 90 жыл

Бүгін Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Талдықорған жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. 1936...