Ыстықкөлге жақын маңдағы шатқалда мұздық құлады

Танымал

Ел аузында

Қырғыстан төтенше жағдайлар министрі Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына жақын орналасқан Жууку шатқалында үлкен мұздықтың құлағанын жеткізді. Туристер бұл көріністі видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің жедел қызметіне Жетісу ауданының Жууку шатқалындағы мұздықтың еруіне байланысты құлағаны туралы ақпарат келіп түсті», – деді баспасөз қызметінің өкілі.  

Нәтижесінде бір қыз аяғын ауыртып, екіншісі аттан құлап, жарақат алған. Жууку шатқалы Қырғызстандағы ең ұзын шатқалдардың бірі. Ол арқылы көптеген туристік маршруттар өтеді.

Әдемі әрі қорқынышты көріністі туристер видеоға түсіріп алған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...