Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-9.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Нұр-Сұлтанда жазғы демалыс үшін жаңа орын пайда болады

Танымал

Ел аузында

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан әкімі Есіл өзенінде тағы бір қалалық жағажай ашуды жоспарлап отырғанын айтты. Алайда нақты мерзімі әлі белгісіз.

«Біз Айтматов даңғылында жағажай ашуды жоспарлап отырмыз. Біз қазір Есіл өзенін түзетумен айналысудамыз, онда өте үлкен жұмыс атқарылды. Тағы бір қалалық жағажай салу жоспарда бар», – деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, Айтматов даңғылы Есіл өзеніне Ырыскелді қажы мешітінің маңайында орналасқан. Бұл діни нысан 2018 жылы елорданың Сарыарқа ауданында ашылды.

Сондай-ақ, қала басшысы елордада Есіл ауданын екіге бөліп, жаңа аудан құру жоспарланғанын айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Аманат» әуе дуэті IV Халықаралық балалар мен жастар цирк фестивалінде Алтын жүлдеге ие болды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері, Дәулет Досбатыровтың жетекшілігіндегі «Аманат» әуе дуэті Данат пен Данали Досбатыровтар 6-8 желтоқсанда Тула мемлекеттік циркінде...