Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» РМК мамандары 12-14 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, орталығы Салехард аймағында орналасқан Солтүстік антициклонның жотасы еліміздің солтүстік бөлігіне әсер етеді, оңтүстік өңірлер төмен қысым мен фронтал бөліктер ықпалында болады. Республиканың басым бөлігінде күн жылынған сайын ауа массалары тұрақсыз болады, бұл жауын-шашынның түсуіне себепші болады: 12-13 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында найзағай, жел соғып, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Ауа температурасы күндіз батыста +34+42 градус, оңтүстік-батыста + 40+45 градус, солтүстік-батыста +28+35 градустан +30+40 градусқа дейін, солтүстікте +25+33 градустан +22+30 градусқа дейін ауытқиды, орталықта +22+30 градус, шығыста ауа температурасының +22+32 градустан +17+25 градусқа дейін төмендеуі, оңтүстікте температураның +29+37 градустан +32+40 градусқа дейін, елдің оңтүстік-шығысында + 22+32 градустан +25+35 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...