Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

«Қыркүйек-қазан айларында тағы да үлкен наразылықтар болуы мүмкін»: Сарапшылар «Қаңтар» оқиғаларының қайталануын болжады

Танымал

Ел аузында

Қазақстандық сарапшылар елімізде “қаңтар” оқиғаларының қайталануы мүмкін екенін болжады. Саясаттанушылардың сөзіне сенсек, егер елдегі мәселелер ушыға берсе, халық күзде қайта наразылыққа шығуы мүмкін. Бұл туралы “Хабар” арнасының “Большая неделя” бағдарламасында айтылды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі Талғат Омаровтың сөзіне сенсек, халықтың келесі толқуы “қаңтар” оқиғаларынан да асып түсуі ғажап емес. 

“Елімізде конституциялық мемлекет құру үшін заң нормаларына сүйену керек деген пікірмен келісемін. Алайда ол заңдарды кім қабылдайды? Парламент пе? Олар жөнді заң қабылдайды дегенге сенбеймін, себебі депутаттардың қолы байлаулы. Жоқ, әлде қазір істі болып отырған шенеуніктердің артынан ерген үкімет пе? Біз “Жаңа Қазақстанды” құра алмаймыз. Елде тағы бір “қаңтар” оқиғалары орын алса, таңғалмаңыздар. Оның арты тіпті қорқынышты болуы мүмкін.

Ауылдардың деңгейін көтеру керек дейміз. Қазір қарасаңыздар, бір ауылға триллиондап қаражат бөлу қажет. Біз тіпті есептеп те көрдік, жыл сайын ауылдарды көркейту үшін бес триллион теңге бөлу керек. Біздің үкімет бұған дайын ба? Әрине, жоқ. Ойланатын, байыпты жоспар құруды талап ететін мәселелер көп. Бірақ, түптеп келгенде, барлығын Тоқаевқа арта салғанбыз. Бүкіл жүкті мойнына артып, жалғыз өзі көтеріп келеді. Ал оны тыңдап жатқан үкімет жоқ. Нақты тапсырма берсе, құлақ аспайды. Бұл не бассыздық?”, – дейді ол. 

Саясаттанушы Асхат Асылбеков те алдағы уақытта “қаңтардағы” жағдай қайталануы мүмкін екенін жеткізді. 

“Менің болжамдарым да көңіл қуантарлық емес. Меніңше, қыркүйек-қазан айларында тағы да үлкен наразылықтар болуы мүмкін. Оған үкіметтегі шенеуніктер түрткі болады. Олар өтірік бетке күле қарап, ту сыртынан пышақ сұғады. Қазіргі шенеуніктер Тоқаевқа ертең кететін адам ретінде қарайды. Ал халық олардың қолындағы ойыншық секілді. Тағы мыңдаған адам қаза болуы мүмкін екені оларды алаңдатпайды. Халық ешкімге тиіспейді, тек жақсы өмір сүруді қалайды. Байқап қарасаңыздар, бірде қанттың, бірде басқаның бағасын көтеріп, қасақана халықтың ығырын шығарып жатыр. Олар ашулы халықтың бас көтергенін күтіп отыр”, – дейді сарапшы. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...